Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жалпы мектептің ата-аналарымен жиналыс
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "№ 1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жасампаздылық және жаңашылдық құндылығына негізделген ақпан айының 27 күні кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жалпы мектептің ата-аналарымен жиналыс өтті. Қылмысты болдырмау мақсатында КТІЖ УПИ Е.Е.Кажиғалиев және ДТІЖО Нурмухаметова, ұлдар жетекшісі А.С.Мұсаев алдын алу жұмыстарын жүргізді. "Нашақорлық - ауыр індет, алдын алу - міндет!", "Қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу", "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында "Жол жүру ережелерін сақтау және жолда жүру ережесін білеміз бе?" тақырыптарында дәрістер жүргізілді.

