RU KZ

“Балдәурен” атты жазғы лагерь тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Болашақ біздің қолымызда» атты бейнебаян түсірілді

Instagram-ға өту

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Балдәурен” атты жазғы лагерь тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Болашақ біздің қолымызда» атты бейнебаян түсірілді.

Бейнебаян арқылы балалар өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті. Түсірілім барысында олар Қазақстанның жарқын болашағы өз қолдарында екенін жеткізіп, елдің дамуына үлес қосатын білімді әрі саналы ұрпақ болуға дайын екендіктерін білдірді. Іс-шара әсерлі де мазмұнды өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Добавлено: 10-06-2026, 17:12
0
50

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх