RU KZ

«Ұлттық құндылықтар» тақырыбында кітапхана апталығы

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Әділдік және жауапкершілік айы” құндылығына негіздеген 10-17 қараша күндері «Ұлттық құндылықтар»  тақырыбында кітапхана апталығы болып өтті. Апталық жоспары бекітілді. Кітапханаға кітап сыйла акциясы жалғасуда.«Сүйікті кітапқа арналған үздік иллюстрация» байқауында 8 сынып оқушысы Аманғазы Айзере «Менің атым Қожа» шығармасына салған иллюстрациясы үздік деп бағаланды. «Мен және кітап» сурет байқауында 4 сынып оқушысы Дәулетұлы Даниярдың салған суреті үздік деп танылды. «Мен және кітап»  қабырға газеттері байқауында 6 сынып оқушылары алға шықты. Сынып жетекшісі Д.Рыскулова.«Өз қолыңмен жасалған бетбелгі-досқа сыйлық» шығармашылық байқауында 5 сынып оқушысы Конуров Нұрсұлтан 1 орынды жеңіп алды. «Менің сүйікті кітабым» тақырыбындағы презентация байқауында 5 сынып оқушысы Оралбекова Дана жеңімпаз атанды. «Сүйікті кітабымның кейіпкеріне хат» байқауында Өртбаев Алинұр, Бейсембай Айбибі, Дәулетбекова Еркеназ жүлделі орындарға ие болды. Барлық жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. 
Бұл апталықтың мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. 
Апталықты ұйымдастырған мектеп кітапханашысы: А.Скакова.
Добавлено: 18-11-2025, 16:23
0
101

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх