RU KZ

Қауіпсіздік – әр оқушы мен отбасының басты міндеті

🏫 Қауіпсіздік – әр оқушы мен отбасының басты міндеті


🔥 Көміртек тотығы (CO) деген не?

Иіссіз

Түссіз

Өте тез уландыратын улы газ
Пеш дұрыс жанбағанда, түтін тарту жүйесі бітелгенде немесе бөлме желдетілмегенде пайда болады.



---

🔴 Уланудың белгілері:

Бас айналу

Әлсіздік

Бас ауруы

Тыныстың тарылуы

Көңіл айну

Ұйқышылдық

Есінен тану


Балалар улануға тез шалдығады.


---

🛡 Алдын алу шаралары:

Үйді міндетті түрде желдетіп тұру

Пешті уақытылы тазалап, күйе мен күлден арылту

Пештің ақаусыз екенін тексерту

Бөлмеде түтіннің иісі немесе бас ауырса — бірден сыртқа шығу

Улы газ (CO) детекторын орнату

Балаларға пештің қауіпті екенін түсіндіру және жақын ойнамауға үйрету



---

🔥 Өрт қауіпсіздігі ережелері:

Балаларға:

Сіріңке, зажигалкамен ойнамау

Пештің жанында ойнамау

Түтін көрсе — үлкенге хабарлау

Қызған электр құрылғыларына жоламау


Ата-аналарға:

Пешке жақын жанғыш заттарды алыстату

Электр сымдарының жағдайын тексеру

Өртсөндіргішті қолжетімді жерде ұстау

Балалармен бірге эвакуация жолдарын жаттықтыру
🟢 Ескерту: Қауіпсіздік – әр отбасыдан басталады!

Ата-ана сақ болса, бала да қауіпсіз ортада өседі. Үйде, мектепте және көлікте қауіпсіздік ережелерін ұстану өмірді сақтаудың ең тиімді жолы.
Аягөз АПБ ювеналды полиция тобы

Добавлено: 18-11-2025, 16:30
0
94

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх