RU KZ

Жазғы лагерьде “Менің әлемім” атты сән қойылымынан жарыс

Абай облысы білім басқармасының "№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 30 мамыр жазғы лагерьде “Менің әлемім” атты сән қойылымынан жарыс өтті.
Оқушылар қолда бар материалдан киім үлгілерін дайындап (пакет, фетр, перде т.с.с) қорғап шықты.
Қызықты да тартысты өтті.
Ең керемет деп Мұрат Раянаның әзірлемесі бағаланып І орынды иеленсе, ІІ орын Жанат Бекнұр мен Жақсылық Дильназ, ІІІ орын Жүсіпбек Айбота мен Конуров Нұрсұлтан алды.
Барлық қатысушыларға кішігірім сыйлықтар табысталды.
Артынша “Қарлығаш” би конкурсы өтілді.
Топ жарған 2 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.
Тағы бір естен кетпес күн, керемет көңіл-күй, шынайы эмоция…бақытты балалық шақтың куәсі болдық💃🏻


Добавлено: 1-06-2025, 12:17
0
66

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх