RU KZ

«Сыңғырла, соңғы қоңырау 2026» атты мерекелік іс-шара

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау 2026» атты мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның алғашқы бөлімінде 2025–2026 оқу жылының жетістіктері қорытындыланып, білім мен өнерде, спорт пен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан озат оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар марапатталды. Сонымен қатар, «Жыл белсенділері шеруі» 2026 ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш барысында мектеп түлектері салтанатты түрде қарсы алынып, оқушылар әсем әндер айтып, көркем өнер нөмірлерін ұсынды.
Биыл мектептегі оқушымыз Серикказинов Абусеит «Алтын белгі» иегері атанып, арнайы Шәкәрім университеті гранты табысталды. Сонымен қатар, бұрынғы түлектер демеушілік жасап, мектепке өз сыйлықтарын ұсынды. Ата-аналар жүрекжарды тілектерін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.

Шараның ең әсерлі сәті соңғы қоңыраудың соғылуы. Мектебінде өткен бұл салтанатты жиын ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, түлектерге үлкен өмірге сәтті қадам жасауға ақ жол тілеумен аяқталды.




Добавлено: 26-05-2026, 14:32
0
68

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх