RU KZ

«Абай әлемі» тақырыбында поэзия кеші

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Ұлттық кітап күніне” арналған «Балалар әдебиеті рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік жоспарына сәйкес 5-9 сыныптар арасында “Қазіргі балалар және рухани құндылықтар” атты поэзия оқу сағаты өткізілді. Тақырыбы: «Абай әлемі».
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен оқушыларды таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға көмектесу. 
Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек еткен. 
Поэзия оқу сағатының нәтижесінде
Бас жүлде Конуров Б. 9 сынып, 
1 орын Өртбаев А. 6 сынып, 
2 орын Сағи А. 7 сынып,  
3 орын Қабдолла Е.  9 сынып оқушылары жеңіп алды. Сонымен қатар, түрлі номинациялар берілді.




Добавлено: Вчера, 10:23
0
19

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх