«Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес сенбілік жүргізілді
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қоршаған орта мен халық үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ қоғамдық игілікке ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында қыс мезгілінде жиналған қоқыстардан, сондай-ақ қажетсіз құрылыс материалдары мен өзге де заттардан тазартып, сенбілік жүргізілді.
















