Кіші қызметкерлер күніне орай мерекелік кеш
Мектебімізде “Кіші қызметкерлер күніне” орай мерекелік кеш өтті. Бұл шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы болды. Кеш барысында оқушылар мен ұстаздар тарапынан дайындалған әсем әндер шырқалып, түрлі би қойылымдары ұсынылды. Соңында кіші қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі ерекше аталып, марапаттар мен сыйлықтар табысталды.










