Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі, қауіпсіздігі, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен талқыланды. Бала құқығын қорғау, білім сапасын арттыру және ұрпақ тәрбиесі, білім саласындағы талаптардың күшеюіне байланысты маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаға қолайлы жағдай жасау, сабақтан қалмауын қадағалау, тәрбие мен кітап оқуға көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қолданылатын шаралар туралы ақпарат берілді.
Бала болашағы ата-ана мен мектептің бірлескен еңбегінің нәтижесі екені ерекше атап өтілді.

Бала болашағы ата-ана мен мектептің бірлескен еңбегінің нәтижесі екені ерекше атап өтілді.









