RU KZ

«Кітаппен бірге өсеміз» деген тақырыпта кітап көрмесі

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де кітапханашы А.Скакова  «2 сәуір – балалар кітабы күніне» арналған «Кітаппен бірге өсеміз» деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: 
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту, рухани адамгершілік тәрбие беру. Сонымен қатар, балалар әдебиетінің үздік туындыларымен таныстыру арқылы кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Міндеттері:
Кітап оқуға деген ынтаны ояту, танымдық қабілеттерін дамыту, сөздік қор, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, әдеби кейіпкерлер арқылы жақсы мен жаманды ажыратуға үйрету, ұлттық құндылықтарды насихаттау. 
Көрме төрт бөлімнен тұрады. Балалардың сүйікті кейіпкерлері, ертегілер бөлімі, танымдық кітаптар және балалар ақын жазушылары. Балалар кітабы көрмесі арқылы біз кітап біздің досымыз, ақылшымыз, кітап оқыған адам білімді, тәрбиелі болып өсетінін түсінеміз.

Добавлено: 2-04-2026, 17:04
0
61

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх