Алғыс айту күніне орай мектебімізде тәрбиелік іс-шара
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де
Алғыс айту күніне орай мектебімізде тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Ата-аналарға, туған-туыстарға және жақын жандарға қоңырау шалу арқылы алғыс айтып, жүрекжарды жылы лебіздер білдіру мақсатында арнайы бейнеролик түсірілді.
Бейнероликке мектеп мұғалімдері, оқушылар және мектеп қызметкерлері белсенді қатысып, өздерінің шынайы ризашылықтары мен құрмет сезімдерін жеткізді. Қатысушылар ата-аналарына, ұстаздарына және өмірде қолдау көрсетіп жүрген жандарға алғыс айтып, ізгі тілектерін жолдады.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында мейірімділік, сыйластық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, үлкенге құрмет көрсетіп, жақын адамдардың қадірін бағалауға тәрбиелеу болып табылады.
Instagram-ға өту