RU KZ

Ата-аналармен «Отбасылық қаржылық сауаттылық: баланың болашағына инвестиция» тақырыбында тренинг

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің химия-биология пәндерінің мұғалімі Садыкова Эльмира Аятовна “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының “Қаржылық сауаттылық негіздері” курсы бойынша “Педагог қызметін курстан кейінгі қолдау жоспарына (ККҚ)” сәйкес 18 ақпан күні ата-аналармен «Отбасылық қаржылық сауаттылық: баланың болашағына инвестиция» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
🎯 Мақсаты:
Ата-аналардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру
Отбасылық бюджет жоспарлау дағдыларын қалыптастыру
Балалардың қаржылық тәрбиесіне ата-ананың рөлін күшейту
📌 Міндеттері:
Отбасылық бюджет құрылымын талдау
Жинақ, инвестиция, сақтандыру ұғымдарын түсіндіру
Қаржылық тәуекелдердің алдын алу жолдарын көрсету
📊 Күтілетін нәтиже:
Ата-аналар:
Отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлай алады
Баласына қаржылық тәрбие берудің тиімді әдістерін біледі
Жинақтаудың маңызын түсінеді
Құндылықтарға баулу: Жауапкершілік, үнемшілдік, еңбекқорлық.
Ақпан – Жасампаздық және жаңашылдық айы;
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы
Іс-шара барысында ата-аналар 2 топқа бөлінді. fingramota.kz сайтымен таныстырылып, бейнероликтер көрсетілді. «Ақша дегеніміз не?» атты психологиялық жаттығу жасалды. Мини-дәріс, топтық тапсырмалар орындады.
Іс-шара соңында 📌 «3 пайдалы кеңес» әдісі арқылы қорытындыланды.
Әр ата-ана бүгін алған 3 маңызды ойын ортаға салды.
📎 Практикалық кеңестер
✔ Балаға апталық/айлық бюджет жүргізуді үйрету
✔ Арман картасын жасау
✔ Банктік депозит туралы түсіндіру
✔ Онлайн алаяқтықтан сақтандыру жолдарын үйрету
Іс-шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Смаилова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а, математика пәнінің мұғалімі А.Мұсаев, педагог-психолог К.Рахимбаева, әлеуметтік педагог А.Кобентаева қатысты






Добавлено: 18-02-2026, 10:44
0
23

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх