RU KZ

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл жыл толуына орай «Әскери-спорттық» сайыс

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығына негізделген ақпан айының 13 күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл жыл толуына орай «Әскери-спорттық» сайыс өткізілді. Сайыста AK-74 қаруын бөлшектеу-жинау, газқағар кию, биатлон, 100 метр қашықтыққа жүгіру, денені шалқасынан жатып көтеру бойынша ұйымдастырылды. Оқушылар 4 топқа бөлінді. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Барлық оқушы мектеп директорының мадақтамасымен марапатталды.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру;
Оқушыларды Отан қорғауға Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет етуге қызығушылықтарын оятуға, құрмет көрсетуге баулу;
Моральдық, физикалық тұрғыдағы табандылыққа және әскери іс жөніндегі білімдері мен тәжірибелерін шыңдау;
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ұйымдастырушылар: әскери жетекші С.Калиев, дене шынықтыру мұғалімдері Т.Жолдыбаев, К.Байбатшанов


 

Добавлено: 13-02-2026, 18:29
0
21

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх