Тасбақа бұрышы” мектеп экожобаларының республикалық конкурсы
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ ЖЕКЕ ҚОР “TASBAQA” ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ҚОРЫ ұйымдастырған “Тасбақа бұрышы” мектеп экожобаларының республикалық конкурсына қатысуда.
Мектепте биология кабинетіне “Тасбақа бұрышы” жасалды. Лездемеде таныстырылып, оқушылар тасбақалар туралы қызықты ақпараттармен танысып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Әсіресе, Қазақстанның Қызыл кітабына енген ортаазиялық тасбақа туралы ақпарат айтылды.
Ортаазиялық тасбақа (Testudo horsfieldii) —, IUCN «осал» санатындағы бірегей түр. Ол негізінен сұр-қоңыр, дөңгелек панцирьді, құрлықта мекендейтін бауырымен жорғалаушы. Бақылаусыз аулау мен тіршілік ортасының бұзылуына байланысты саны азайып бара жатқандықтан, оны аулауға тыйым салынған.
Ортаазиялық тасбақа туралы негізгі мәліметтер:
Мәртебесі: Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, халықаралық IUCN тізімінде “осал” (vulnerable) мәртебесі бар.
Мекендейтін жері: Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және далалық жерлер, балшықты және құмды топырақтар.
Қауіп төндіретін факторлар: Ет пен панцирі үшін заңсыз аулау, үй жануары ретінде сату, сондай-ақ жерлерді ауылшаруашылық мақсатында игеру, мал жаю және өрттің жиілеуі.
Қорғау шаралары: Қазақстан аумағында ортаазиялық тасбақаны пайдалануға және аулауға тыйым салынған, бұл түр CITES халықаралық конвенциясының II қосымшасына енгізілген.
Маңызы: Табиғаттағы қорек тізбегінде маңызды рөл атқарады және жыртқыш құстар мен сүтқоректілер үш
ін қорек болады.
Биология кабинетінде экологиялық сағат ұйымдастырылды. Әртүрлі “Дұрыс па, бұрыс па?“, “Ойлан тап”, интерактивті тапсырмалар (Сәйкестендір, суретті сөйлет, экологтар кеңесі, рөлдік ойын, бір сөйлеммен қорытынды) орындады.
Мақсаты:
Оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру;
Табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарау.
Жоба жетекшісі: Садыкова Эльмира Аятовна