8 сыныпта «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес «Тіл халықтың жаны, тарих халықтың қазынасы» атты қоғамдық гуманитарлық пәндер апталығында қазақ әдебиеті пәнінен 8 сыныпта «Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында пән мұғалімі А.Скакова ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ақын поэзиясының ерекшелігін түсіндіру. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. Жасампаздық және жаңашылдық құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылық, қарым қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Апта дәйексөзі келешек-білімді жастың қолында.











