“Махаббат, қызық мол жылдар” - жүрек кітабы” тақырыбында дөңгелек үстел
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Тіл халықтың жаны, тарих халықтың қазынасы” атты қоғамдық гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығында 2026 жылдың 4 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Смаилова Сымбат Тансыккановнаның ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат, қызық мол жылдар” романы бойынша “Махаббат, қызық мол жылдар” - жүрек кітабы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: көркем әдебиет оқуға шақыру, көркем шығармаларды пәнаралық байланыста қолдану, педагогтер арасында құндылықтар жайлы ой бөлісу.
Дөңгелек үстел барысында педагогтер өз ойларын ортаға салып, әдеби, рухани жағымды әсер алып қайтты. Дөңгелек үстел соңында романды толық оқыған мұғалімдер арасында роман мазмұны бойынша тест алынып, жоғары балл алған бастауыш сынып мұғалімдері Чинбаева Райгуль Абдрашитовна мен Кобентаева Айгерім Айдархановна ұйымдастырушы тарапынан қаржылай сыйлықпен марапатталды. Қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.