«Қаржылық сауаттылық — табысты болашақ негізі» тақырыбында педагогтермен тренинг
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің химия-биология пәндерінің мұғалімі Садыкова Эльмира Аятовна “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының “Қаржылық сауаттылық негіздері” курсы бойынша “Педагог қызметін курстан кейінгі қолдау жоспарына (ККҚ)” сәйкес 20 наурыз күні әріптестерімен «Қаржылық сауаттылық — табысты болашақ негізі» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
🎯 Мақсаты:
Педагогтердің жеке қаржыны басқару дағдыларын дамыту, қаржылық шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыру.
📌 Міндеттері:
Қаржылық сауаттылық ұғымын түсіндіру
Жеке бюджет құруды үйрету
Қаржылық қателіктерді анықтау
Инвестиция және жинақтау туралы түсінік беру
Тренинг барысында педагогтер “Депозит” және “Инвестиция” болып 2 топқа бөлінді. “Ақша мен үшін…” тақырыбындағы танысу жаттығуымен басталды. Қаржылық сауаттылық және инвестиция жайлы бейнероликтер көрсетілді. Практикалық топтық тапсырмалар орындалды. Мысалы: “Менің 1 айлық бюджетім” және “Қаржылық қателіктерді тап” тапсырмаларын орындады.
Тренинг соңы “3-2-1” рефлекция әдісімен аяқталды.
3 — жаңа ақпарат
2 — пайдалы идея
1 — әрекет (не істеймін?)