«Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 18 наурыз күні «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, оқушыларға халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау болды. Мереке барысында оқушылар ұлттық киімдер киіп, сахналық көріністер қойып, ән айтып, би биледі.
Сонымен қатар, арқан тарту, асық ату, сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, барлығы белсенді қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Қатысушылар арасында көтеріңкі көңіл-күй орнап, бірлік пен татулықтың көрінісі байқалды.
Іс-шара соңында мереке қонақтары мен оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, Наурыз мейрамының шуақты атмосферасын сезінді. Мереке өте әсерлі, мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.