RU KZ

“17 наурыз – Шаңырақ күніне” орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 2026 жылғы “Наурыз” мерекесі аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” құндылығына негізделген “17 наурыз – Шаңырақ күніне” орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктері қолданылып, оқушыларға заманауи форматта қызықты әрі танымдық орта ұсынылды. Атап айтқанда, ұлттық ойындардың бірі – арқан тарту ойыны интерактивті түрде көрсетіліп, оқушылар экран арқылы қатысып, өзара сайысқа түсті.

Сонымен қатар, түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оқушылар ұлттық өнер мен дәстүрлер туралы тың мәліметтер алып, тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік алды.

Добавлено: 17-03-2026, 19:09
0
85

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх