RU KZ

«Көрісу күні – Амал мерекесі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” құндылығына негізделген наурыз айының 14 күні 2026 жылғы “Наурыз” мерекесі аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көрісу күні – Амал мерекесі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. 

Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін таныстыру.

Шара барысында мұғалімдер мен оқушылар бір-бірімен амандасып, көрісу дәстүрін орындап, жылы лебіздерін білдірді. Қазақ халқының ежелден келе жатқан бұл дәстүрі адамдар арасындағы сыйластықты, татулық пен бірлікті арттыруға бағытталғаны айтылды.


Добавлено: 13-03-2026, 18:50
0
59

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх