“Melody Mystery” атты қызықты әрі танымдық жарыс
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 3 наурыз күні “Ізденіс” шығармашылығының тобының қатысуымен музыка және шет тілі пәні мұғалімдерінің ( Қапанова З.Б , Рыскулова Д.Н) ұйымдастыруымен “Melody Mystery” атты қызықты әрі танымдық жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру, музыка мен тілдің байланысын көрсету және әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Жарыс барысында қатысушы мұғалімдерге арнайы дайындалған ұяшықтар ұсынылды. Әр ұяшықта жасырылған әндердің әуені қойылып, қатысушылар сол әуенді тыңдап, әннің атауын табуы керек болды. Әндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріліп, мұғалімдердің музыкалық есту қабілеті мен үш тілдегі білімдері сынға түсті.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушы мұғалімдер белсенділік танытып, әндерді жылдам тауып, өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, әріптестер арасында жақсы атмосфера қалыптастырды.
Осындай шығармашылық іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, тәжірибе алмасуына және жұмысқа деген мотивациясын арттыруға үлкен ықпал етеді.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Аягөз