“1 Наурыз – Алғыс айту күні” мен қасиетті Рамазан айының қарсаңында мектебімізде қайырымдылық акциясы
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “1 Наурыз – Алғыс айту күні” мен қасиетті Рамазан айының қарсаңында мектебімізде қайырымдылық акциясы өткізілді.
Адамгершілік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында мектеп ұжымы мен оқушыларының ұйымдастыруымен 4 отбасыға арнайы барып, сыйлықтар жеткізілді.
Бұл игі шара – мейірімділік пен жанашырлықтың, бір-бірімізге деген қамқорлықтың жарқын үлгісі болды.
Қайырымдылық ісіне атсалысып, қолдау білдірген мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға және белсенді оқушыларға зор алғысымызды білдіреміз.
Берекелі Рамазан айы баршаңызға жақсылық пен мол сауап әкелсін!