RU KZ

“1-Наурыз Алғыс айту күніне” орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “1-Наурыз Алғыс айту күніне” орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Таңертең мұғалімдерді көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, тәтті сыйлықтар ұсынып, шынайы алғысымызды білдірдік. Ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, ризашылық сөздер жеткізілді. Сонымен қатар, мұғалімдер өз тілектері мен әсерлерін арнайы дайындалған алғыс қағаздарына жазып қалдырды. Бұл шара ұстаздар мен оқушылар арасындағы сыйластық пен құрметті арттырып, баршаға жақсы көңіл күй сыйлады.

Добавлено: 27-02-2026, 16:46
0
17

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх