RU KZ

Тәжірибе алмасу сабақтары өткізілді


Tiktok
Instagram
Facebook

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің “Тірек мектебінің жұмыс жоспары”  негізінде 09.02-13.02.2026 аралығында Zoom платформасында бекітілген кесте бойынша тәжірибе алмасу сабақтары өткізілді.
9 ақпан күні физика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Лаубаева Асия Тлеутаевна 8 сыныпта “Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы” тақырыбында;
Шет тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы  Нурахметова Алмагул Асылбековна 11 сыныпта
“Making a million” тақырыбында;
10 ақпан күні биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Садыкова Эльмира Аятовна 8 сыныпта “Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақтабандылықтың пайда болу себептері” тақырыбында;
12 ақпан күні шет тілі пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы  Нурахметова Алмагул Асылбековна 8 сыныпта “Adjectives: describing art” тақырыбында;
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Лаубаева Асия Тлеутаевна 9 сыныпта “Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс” тақырыбында өтті.
Сабақтар барысында ЖИ-мен жасалған бейнероликтер, презентациялар көрсетілді. Оқушылар ЖИ-мен жасалған әртүрлі жеке, жұптық, топтық, функционалды сауаттылық тапсырмаларын орындады.
Өз ойларын әртүрлі әдістер арқылы қорытындылады.
Қорытындылай келе, апталық білім мен тәжірибе ұштасқан, мазмұны терең, жоғары деңгейде өтіп өз мақсатына жетті.

Добавлено: 16-02-2026, 08:39
0
22

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх