Оқушыларға «Қылмыс себептері» және «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарындағы деректі фильмдер ұсынылды
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Абай облысы білім басқармасының тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9–11 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру мақсатында деректі фильмдер көрсетілді.
Іс-шараға 9–11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, мектеп психологы қатысты.
Оқушыларға «Қылмыс себептері» және «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарындағы деректі фильмдер ұсынылды.
Фильм көрсетілімінен кейін мазмұны бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді. Киноталдау барысында оқушылар құқық бұзушылықтың салдары, буллинг пен агрессияның зияны, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, жасөспірімдердің Заң алдындағы жауапкершілігі түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіндіру.