RU KZ

Ардагер ұстаз Берикханов Еженхан Сұлтанұлы құрметіне арналған математика пәнінен мектепішілік олимпиада

Мектебімізде жаңа бастама😍  2025 жылдың желтоқсан айында әдістемелік кеңес жоспары негізінде математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаз Берикханов Еженхан Сұлтанұлы құрметіне арналған математика пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Еженхан Сұлтанұлы ұрпақтарының ұсынысымен аталған олимпиада жеңімпазына шәкіртақы тағайындалып, мектеп директоры Д.Д.Еркинбаевтың бұйрығымен арнайы шәкіртақы тағайындау тәртібі бекітілді. Олимпиадада ең жоғары ұпай жинаған 11-сынып оқушысы Серикказинов Абусеитке Еженхан Сұлтанұлы атындағы арнаулы шәкіртақы тағайындалды. Математика пәні мұғалімдеріне Еженхан Сұлтанұлы атындағы олимпиаданы алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізу ұсынылды. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап,  шәкіртақы  төленеді. Аталған игі бастамаға ұйтқы болған  Еженхан Сұлтанұлының ұрпақтарына алғыс білдіреміз.




Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх