“Күй күмбірі” челленджі
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "№1 Ақшәулі жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Бірлік және ынтымақ айы" құндылығына негізделген 09 желтоқсан күні "Шабыт жобасының" аясында "Дала әуендері" үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес 7 сынып оқушылары қоңырау уақытында ұлттық рухты көтеретін бастамаға өз үлесін қосты.
Мақсаты:
Жастардың рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал ету. Күй арқылы ел тарихын, ұлт рухын сезініп, өнерге деген құрметін көрсету









