RU KZ

5-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстар жүргізілді

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Адал Азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Әділдік және жауапкершілік айы” құндылығына негізделген 2025 жылдың 28 қараша күні 5-11 сынып  оқушыларына 
1. "Буллинг дегеніміз не?" тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізілді. 
Мақсаты: "Буллинг" ұғымымен танысу, "Буллинг" мәселесін оқушылар арасында зерттеу, Кәмелетке толмағандарға буллинг, кибербуллинг үшін заңда қарастырылған жауапкершілікпен таныстыру. 
2. "Нашақорлық-ауыр індет, алдын алу-міндет!". 
Мақсаты-нашақорлық және есірткі секілді ғасыр індеттері туралы толық мағлұмат беру, тыңдаушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндіру, олардан аулақ болуға шақыру, адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау.  
3. "Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет". 
4. "Қыз өссе-елдің көркі". 
Мақсаты-Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын-алу жолдары, және оның қандай қаупі бар екені туралы түсіндіру. 
Жасөспірімдердің жыныстық сауаттылығын арттыру, денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. 
Сексуалдық іс-әрекетіне жауапты болуға, ерте жыныстық қатынасқа теріс көзқарас қалтыруға қалыптастыру. 
ҚР ҚК 120, 121, 122 баптарын және Заң тарапынан жауапкершіліктерін түсіндіру. 
5. Әр-түрлі мәселелер... 
Ұйымдастырушылар: 
Аягөз ауданы КТІЖ УПИ Е.Кажиғалиев, Н.Касим. ДТІЖО А.С Мұсаев, педагог-психолог К.К Рахимбаева



Добавлено: 28-11-2025, 15:30
0
84

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх