RU KZ

Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Адал Азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Әділдік және жауапкершілік айы” құндылығына негізделген 2025 жылдың 26 қараша күні 5-11 сынып қыздарына және ата-аналарына Абай облысының білім басқармасы 2025 жылдың 10 айында Абай облысында 14-17 жас аралығында кәмелетке толмағандар арасында 14 ерте жүктілік жағдайы тіркелуіне байланысты: Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдары мен отбасы деңгейінде кешенді профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Құзырлы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, жасөспірімдер мен жастарға арналған жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген арнайы іс-шара өткізілді. Ата-аналар жиналысы алаңын кенінен пайдалана отырып, жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасында ерте жүктілік пен босанудың ықтимал қауіптері туралы тұрақты түрде ақпараттандырылды. 
Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а А.С Мұсаев, мектеп медбикесі  Н.Д.Омарова, акушер А.А Алдибекова, педагог-психолог К.К Рахимбаева, "Кербез" қыздар ұйымының жетекшісі Л.С Мизамитова


Добавлено: 26-11-2025, 14:45
0
70

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх