RU KZ

Балалардың күйіп қалуы – ересектердің назарсыздығынан туындайтын қайғылы жағдай!

⚠️ Балалардың күйіп қалуы – ересектердің назарсыздығынан туындайтын қайғылы жағдай!

Құрметті ата-аналар мен қамқоршылар! Аягөз ауданы полиция бөлімі ювеналды полиция тобы ескертеді.
Соңғы уақытта кәмелетке толмаған балалардың күйіп қалу жағдайлары жиілеп барады. Мұндай оқиғалардың басым бөлігі — ас үйде, ыстық су немесе электр құралдарымен абайсыз әрекет ету салдарынан болады.

🧒 Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз!

✅ Балаларды ас үйде жалғыз қалдырмаңыз;
✅ Ыстық тағам мен сұйықтықты балалар қолы жетпейтін жерге қойыңыз;
✅ Электр құралдарын пайдаланған соң ажыратыңыз;
✅ Сіріңке мен газ тұтатқыштарды балалардан аулақ ұстаңыз;
✅ Балаларға өрт пен күйіктің қауіптілігін түсіндіріңіз.

🔥 Егер бала күйіп қалса:
Күйген жерді салқын сумен шаю, май немесе басқа зат жақпау, ауыр болса — дәрігерге дереу хабарласу қажет!

Балалардың амандығы – біздің басты құндылығымыз.
Қауіпсіздік ережесін сақтайық, балаларымызды қорғап қалайық! ❤️

Добавлено: 8-11-2025, 16:56
0
124

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх