“Жас Ұлан” және “Жас Қыран” жасөспірімдер мен балалар ұйымдарына қабылдау салтанатты жиыны
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де қазан айның 21-күні “25-Қазан Республика күніне” орай, “Тәуелсіз елдің тірегі - болашақ ұрпақ” атты онкүндігі аясында “Жас Ұлан” және “Жас Қыран” жасөспірімдер мен балалар ұйымдарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты –
жас буынның бойында елжандылық, Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру және мектеп оқушыларының азаматтық жауапкершілігін нығайту болды.
Құндылық: Қазан - Тәуелсіздік және Отаншылдық айы. “Адал азамат”, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы
Салтанатты жиын мемлекеттік гимнмен ашылып, қатысушыларға ұйым тарихы мен мақсат-міндеттері таныстырылды. Мектебіміздің директоры Еркинбаев Дархан Дәулетбекұлы “Жас Ұлан” және “Жас Қыран” ұйымдарының қатарына қабылданған оқушыларға жылы лебізін білдірді. “Жас Ұлан” және “Жас Қыран” ұйымдарының қатарына қабылданған оқушылар салтанатты түрде ант беріп, елге, Отанға адал қызмет етуге уәде етті.
Жасөспірімдерге ұйымның көгілдір галстугі мен төсбелгісі табысталып, ұстаздар мен қонақтар ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара патриоттық әндермен, өлеңдермен және оқушылардың шығармашылық қойылымдарымен өрнектелді.
Кешіміздің қонақтары:
Ақшәулі ауылдық округінің әкімі Тортаев Жәнібек Нұрлыбекұлы және ардагер ұстаздарымыз Нурахметова Гүлнар Зейноллақызы, Мақұлбаева Күлжамал Төлеуғалиқызы