“Тоғызқұмалақ күні” аясында Челлендж
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” құндылығына негізделген қыркүйек айының 9-күні Абайдың 180 жылдығына орай, “Тоғызқұмалақ күні” аясында Челлендж ұйымдастырылды. Челленджге мектеп оқушылары белсене қатысты.
Мақсаты:
-қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарын сақтау және көбейту;
-патриотизмді нығайту;
-қазақтың ұлттық мәдениетіне қызығушылық тудыру;
-оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
-ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.
Тоғызқұмалақ - қазақ ұлттық мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесінің жарқын үлгісі. 2020 жылы ЮНЕСКО Тоғызқұмалақты әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізді. Тоғызқұмалақ елімізде де, әлемде де қарқынды дамып келеді.
2022 жылы сегізінші қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт түрлерінің ішінде тоғызқұмалақты да дамыту қажеттілігін атап өтуі ұлттық ойынның дамуына жаңа серпін берді. Бүгінгі күні тоғызқұмалақпен Қазақстан бойынша, 200 мыңнан астам адам тұрақты айналысуда. Сонымен қатар, 2021 жылы Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы 9 қыркүйек күнін «Тоғызқұмалақ күні» деп жарияланғанын атап өткіміз келеді.




