RU KZ

2025-2026 оқу жылына арналған педагогикалық кеңес

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 26 тамыз күні 2025-2026 оқу жылына арналған «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. “Абай облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің “Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы” КММ директорының орынбасары Сыдыкова Гульшат Муратовна қатысты.

🔹 Күн тәртібінде: 
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.
🔹 ҚР жалпы білім беретін мектептерінде 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі ӘНХ түсіндіру, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын, жасанды интеллект элементтерін білім беру процесіне енгізу, педагог мәртебесін арттыру және оның құқықтарын қорғау, білім алушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, өткен оқу жылының талдауы негізінде білім беру сапасын және оқу жетістіктерін арттыру мәселелерін қарастыру және өзгеде мәселелер қаралды.
🔹Педагогикалық кеңес барысында норматтивтік құжаттардағы жаңа өзгерістер талқыланып, жаңа оқу жылына мақсаттар белгіленіп, іс-шаралар жоспарланды.


Добавлено: 27-08-2025, 16:00
0
373

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх