RU KZ

9 сынып оқушыларының аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де маусым айының құндылығы "Жасампаздық және жаңашылдық" айында 18 маусым күні 9 сынып оқушыларының аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы болып өтті. Биылғы 9 сыныпты 8 оқушы аяқтап отыр. 8 оқушының біреуі "Үздік аттестат" иегері Орымбеков Батыржан. Қымбатты 9 сынып түлектері! Сіздерді мектеп қабырғасындағы бір белестен сүрінбей өтіп, жаңа өмір жолына аяқ басқалы тұрған сәттеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – сіздер үшін үлкен таңдау, жаңа мақсаттар мен армандардың бастауы. Біліммен қаруланып, адамгершілік қасиеттермен биіктеп, әрқашан ізгілік пен еңбекке сүйеніп өмір сүріңіздер. Қай жолды таңдасаңыздар да, өз болашағыңызға сеніммен қадам басып, үлкен жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз. Жарқын болашақ, сәтті қадам, ақ жол тілейміз! Мектеп сіздерді әрдайым мақтан тұтады!


Добавлено: Сегодня, 09:57
0
12

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх