11 сынып оқушыларының "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де маусым айының құндылығы "Жасампаздық және жаңашылдық" айында 18 маусым күні 11 сынып оқушыларының "Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбында аттестат тапсыру салтанатты іс-шарасы болып өтті. Биыл 11 сыныптан 9 оқушы түлеп ұшты. 9 оқушының 5-еуі "Алтын белгі" иегерлері. Олар: Акатаева Амина, Акиолданова Мадина, Аманбекова Толғанай, Мамешова Алина, Кобентаева Ақнұр.
ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР! Мектеп атты өмірдің алғашқы баспалдағы артта қалып, алдарыңызда жаңа жол, жаңа белес тұр. 11 жыл бойы бойларыңызға білім мен тәрбие дарытқан алтын ұя мектеппен қоштасу – қуаныш пен қимастыққа толы сәт. Алдағы үлкен өмір жолында әрқайсыңызға сәттілік тілейміз! Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын. Қай жолды таңдасаңыз да, нық қадам жасап, елге, ата-анаға, ұстазға абырой әкелетін азамат болыңыздар. Біліммен қаруланып, биік белестерді бағындырып, ел сенімін ақтайтын білікті де тәрбиелі тұлға болып өсіңіздер. Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!
СӘТ САПАР ЖАС ТҮЛЕК - 2025!!!