Оқу жылының қорытынды кезеңінде сіздерге төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймын
Құрметті әріптестер, жыл бойы мектебіміздің оқушылары әртүрлі пәндік олимпиадаларда, спорттық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сіздерге білікті шәкірт дайындаудағы өлшеусіз еңбектеріңізге алғыс білдіремін.
Оқу жылының қорытынды кезеңінде сіздерге төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймын:
1. Шағын орталықты аяқтаушылар, бітіруші 4, 9, 11-сынып оқушыларынан мектеп, шағын орталық қажетіне ақша жинауға жол берілмесін;
2. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, тәрбиешілерге қандай да бір сыйлықтар қабылдауға немесе оны ұйымдастыруға тыйым салынады;
3. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақырып, коммерциялық іс-шаралар өткізуге болмайды;
4. Мектептің, балабақша-бөбекжайдың ішкі жөндеу жұмыстарына ата-аналардан немесе оқушылардан қаражат жинау фактілеріне қатаң тосқауыл қойылуы тиіс;
5. Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуына жол берілмейді;
6. Ойын-сауық орындарына (мейрамхана, саябақ, т.б.) бару арқылы жаппай іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады;
7. Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру іс-шараларына рұқсат етілмейді.
*Құрметті әріптестер!*
Егер жоғарыда аталған талаптардың бұзылу фактілері анықталса (фото, видео дәлелдер болған жағдайда) құқық қорғау органдарына хабарласуға құқылы екенін назарларыңызға саламын.
Ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Мектеп директоры: Д.Д.Еркинбаев