Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы лагерьде іс-шара
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Балдәурен” мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері тағылымды іс-шараға қатысты. Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – Тәуелсіз еліміздің мақтанышы, бірлігі мен егемендігінің нышаны екендігі туралы кеңінен айтылды. Оқушылар рәміздердің шығу тарихымен танысып, олардың мән-мағынасы жайлы білімдерін толықтырды. Әрбір жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеуі – елге деген сүйіспеншіліктің, патриоттық рухтың көрінісі екені насихатталды. Туған жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, көк Туымызды әрдайым биікте желбірету – баршамыздың қасиетті борышымыз. Мемлекеттік рәміздеріміз мәңгі жасай берсін!












