RU KZ

«Тасбақа бұрышы» байқауы және далалық экскурсияға саяхат

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№ 1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Ортаазиялық тасбақаны (Testudo horsfieldii) және оның экожүйесін сақтауға арналған Республикалық экологиялық «Тасбақа бұрышы» байқауына қатысып,  сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша III дәрежелі лауреат (3-орын) иеленді. 

Байқау қорытындысы аясында биология-химия пәнінің мұғалімі Садыкова Эльмира және 8 сынып оқушылары Омарова Жайна, Аманғазы Айзере 2026 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласының маңында өтетін құтқарылған ортаазиялық тасбақаларды табиғи мекеніне қайта жіберу бойынша далалық экскурсияға барып қайтты.

Экскурсияға Ұлыбританиядан табиғатты қорғаушы, зерттеуші және деректі фильмінің авторы Саксон Босворт (Saxon Bosworth) арнайы шақырылған қонақ ретінде қатысты. Үстіртте түсірілген “TASBAQA” “ТЫМ БАЯУҒА – ТЫМ ҚЫСҚА УАҚЫТ” қысқаметражды фильмін алғашқылардың бірі болып тамашалады. 

Оқушылар топтарға бөлініп, Тасбақаларды жіберу орнына яғни қала сыртына қарай жол тартты.

Жол барысында қатысушылар «Tasbaqa» табиғатты қорғау қорының қызметімен; Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (АСБК) қызметімен танысты. Далалық бақылау және тасбақаларды табиғатқа жіберу сәтін тамашалады. Әр топқа босату үшін тасбақалар берілді. «Тасбақаны бақылағанда қандай сезімде болдыңыздар?» тақырыбында қысқаша талқылау Instagram мен БАҚ үшін фото және видео түсірілді.

Балалар далалық бөлімнен кейін Қонаев қаласына жол тартып демалды. Автобуста: сұрақ-жауап, көргендерін талқылау, балалар өз әсерлері мен тасбақаларға арналған тілектерін «Тасбақа кітабына» жазып қалдырды. 

Қонаев қаласы, «Қазақ орта мектеп-лицейінде» «Тасбақа бұрышын» тамашалады. «Саксонның өзі туралы және Үстіртте тасбақа туралы» фильмінің тұсаукесері көрсетілді.

Салтанатты жиында Сертификаттар мен марапаттар табысталды.

Биология-химия пәнінің мұғалімі Садыкова Эльмира «Алғыс хатпен» мектеп директоры Дархан Еркинбаев Сертификатпен марапатталды!

Мектеп ұжымын, педагогтер мен оқушыларды лайықты нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!


Добавлено: 21-04-2026, 18:37
0
14

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх