“Шағын жинақты мектепте заманауи білім беру арқылы білім сапасын арттыру” тақырыбында аудандық семинар өткізілді
2025 жылдың 26 ақпаны күні Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу, әдістемелік, ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Шағын жинақты мектепте заманауи білім беру арқылы білім сапасын арттыру” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы оқыту сапасын жақсарту, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді ұлттық құндылықпен байланыстыра отырып, меңгерту және оларды оқу процесінде тиімді қолдануға ынталандыру. Семинарда жасанды интеллект мүмкіндіктері, білім берудегі цифрлық платформаларды қолдану, "Толық адам" ілімі, АПҚО жұмысы, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы құндылықтар көрсетілді. Келген қонақтарды ұлттық дәстүрмен қарсы алып, мектептің барша тыныс-тіршілігі таныстырылды. "Бііртұтас тәрбие" бағдарламасы, білім сапасын арттырудағы әдіс-тәсілдер, қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып, физика, математика, химия, психолог, сынып жетекші жұмысы бойынша іс-тәжірибе таратылды. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Маликова Ж.Ы, әдіскерлер Жаксыбаева Б.М, Амреева А.Е., Тусипова К.А және семинарға қатысқан мұғалімдер жоғары деңгейде ұйымдастырылды деген баға берді. Семинар қатысушылары ұлттық құндылық пен заманауи технологиялардың үндестігін көріп, ризашылықтарын білдірді



