Үндістанда тіркелген Нипах вирусының жаңа өршуі туралы
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі ЖОББМ” КММ-де 30 қаңтар күні “2026 жылғы 24 қаңтарда Үндістанда тіркелген Нипах вирусының жаңа өршуі туралы” педагогтер мен мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Кейбір дереккөздердің мәліметіне сәйкес, бес адам вирус жұқтырған. 2026 жылғы 25 қаңтарда Калькутта қаласында бір адам көз жұмды. Филиппинде бұл ауру 17 адамнан анықталып, олардың тоғызы қайтыс болды.
Эпидемиология: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, Нипах вирусы-жаңа зооноздық вирус болып табылады (жануарлардан адамға, сондай-ақ ластанған тағам арқылы немесе адамнан адамға жұғуы мүмкін). Алғаш рет 1999 жылы Малайзияда анықталған. Қауіп аймағына жыртқыш жарқанаттар популяциясы бар Бангладеш, сондай-ақ Камбоджа, Гана, Индонезия, Мадагаскар, Филиппиндер және Таиланд елдері жатады. Бангладеш пен Үндістандағы ауру өршулері кезінде инфекцияның ең ықтимал көзі - жұқтырған жарқанаттардың зәрі немесе сілекейімен ластанған жемістерді немесе шырындарды тұтыну болған.
Нипах вирусының берілуі адамнан адамға да мүмкін, соның ішінде науқастың отбасы мүшелері арасында және науқастан медицина қызметкерлеріне жұғу жағдайлары тіркелген.
Инкубациялық кезең орта есеппен 4-тен 14 күнге дейін созылады, ең ұзақ кезеңі-45күн.
Нипах вирусының белгілері: аурудың бастапқы белгілері ауыр суық тиюге ұқсас болып, дене қызуының көтерілуі, бас және бұлшықет ауыруы, құсу, тамақтың ауыруымен сипатталады. Одан кейін бас айналу, ұйқышылдық, сананың өзгеруі және жедел энцефалитті көрсететін неврологиялық белгілер пайда болуы мүмкін. Кейбір науқастарда атипиялық пневмония дамуы ықтимал. Ауыр жағдайларда энцефалит пен құрысу дамып, 24–48 сағат ішінде комаға әкелуі мүмкін (ДДСҰ мәліметі бойынша).
Жедел энцефалиттен аман қалған науқастар сауығып кетуі мүмкін, алайда олардың әр бесіншісінде кейіннен құрысу ұстамалары мен тұлғалық өзгерістер байқалады.
Емі және алдын алу:қазіргі уақытта Нипах вирусына қарсы препараттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, алайда кейбір дереккөздерге сәйкес, бүгінгі таңда Нипах вирусының алдын алу немесе емдеу үшін тіркелген вакцина немесе дәрілік заттар жоқ.
Осыған байланысты, Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мектеп аумағына осы инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында ақпараттық материалдар (инфографика) көрсетілді.
Ұйымдастырушы:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а: А.Мұсаев;
Мектеп медбикесі: Н.Омарова