RU KZ

7 сыныпта “Жеке бюджет және қаржыны жоспарлау” тақырыбында сабақ

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің химия-биология пәндерінің мұғалімі Садыкова Эльмира Аятовна “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының “Қаржылық сауаттылық негіздері” курсы бойынша “Педагог қызметін курстан кейінгі қолдау жоспарына (ККҚ)” сәйкес 22 қаңтар күні 7 сыныпта “Жеке бюджет және қаржыны жоспарлау” тақырыбында сабақ өткізді.
Мақсаты:
Жеке табыс пен шығысты жоспарлау, қарапайым бюджет құру;
Оқушылардың жеке қаржыны басқару, табыс пен шығысты салыстыру, бюджет құру дағдыларын қалыптастыру.
Құндылықтарға баулу: Жауапкершілік, үнемшілдік, еңбекқорлық.
Қаңтар - Заң және тәртіп айы;
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы
Сабақ барысында оқушылар “QazMath” платформасы арқылы топтарға бөлінді. “Қаржылық сауаттылық, табыс, шығыс, бюджет ұғымдары” жайлы ақпараттар айтылып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар жеке, топтық, жұптық, функционалды сауаттылық тапсырмаларын орындады. 
Сабақ соңында “Аяқталмаған сөйлем” әдісінде кері байланыс жасалды:
Мен бүгін білдім…
Мен бүгін сезіндім…
Мен келешекте білгім келеді…
Сабаққа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а, математика пәнінің мұғалімі А.Мұсаев, педагог-психолог К.Рахимбаева, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Мизамитова қатысты




Добавлено: 23-01-2026, 11:42
0
92

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх