RU KZ

ҚазҰАЗУ кәсіби бағдар беру жұмыстары

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің 9-11 сынып оқушылары 21 қаңтар күні Алматы қаласындағы “Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің” (ҚазҰАЗУ) “Мамандықты дұрыс таңдау - болашаққа бастар жол” атты  кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша zoom  платформасы арқылы онлайн конференцияға қатысты. 
Конференцияда университеттің материалдық жағдайы жайлы (заманауи жабдықталған зертханалар, спортзал, жатақхана және т.б.), мамандықтар, әскери кафедра және оларға түсу жолдары, шекті балл туралы толық ақпараттар айтылды. Университетте әртүрлі салаларда оқитын үздік студенттер өз пікірлерін білдіріп, түлектерді оқуға шақырды. Конференция соңында университет басшылығы мектептерге ақпараттар жіберіп, мектеп директорларымен байланыста болып жұмыстар жүргізетінін жеткізді.

Добавлено: 21-01-2026, 13:11
0
112

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх