11.12.2025 жылғы №281 бұйрығының қабылданғаны туралы мектеп педагогтеріне түсіндірме жұмыстар
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары м.а. А.Мұсаев 14 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 30 шілдедегі №194 “Білім беру ұйымдарында “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2025 жылғы 11 желтоқсандағы №281 бұйрығының қабылданғаны туралы мектеп педагогтеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

















