RU KZ

2 сыныпта “Табиғат тілімен сырласу” тақырыбында сынып сағаты

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Адал Азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Заң және тәртіп” құндылығына негізделген 12  қаңтар күні Дүниежүзілік қорықтар мен ұлттық парктер күніне орай “Табиғаттың алтын қоры-адамзат аманаты” фестивалі аясында 2 сыныпта “Табиғат тілімен сырласу” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақ басында оқушыларға жағымды психологиялық ахуал жасалып, олар бір-біріне жақсы тілектер айтты. Мұғалім табиғат туралы сұрақтар қойып, балалардың ой-пікірін тыңдады. Оқушылар табиғат, жануарлар, өсімдіктер және қоршаған орта туралы өз ойларын белсенді түрде білдірді. Сабақ барысында табиғат көріністері көрсетіліп, орман, су, ауа, жануарлар мен өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Экологиялық жағдаяттар арқылы оқушылар табиғатты қорғау жолдарын талқылап, дұрыс шешімдер ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар табиғат туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдермен бөлісті.
Сабақ соңында «Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті» деген қорытынды жасалып, оқушылар табиғатты ластамау, ағаштарды сындырмау, жануарларға қамқор болу керектігін түсінді. Сынып сағаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

Добавлено: 12-01-2026, 19:11
0
107

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх