RU KZ

«Қысқы каникул- кітаппен сырласу» атты оқушылар арасында кітап оқу сайысы

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ кітапханашысы А.Скакова «Балалар кітапханасы» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында және бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін «Қысқы каникул- кітаппен сырласу»  деген тақырыпта оқушылар арасында кітап оқу сайысын өткізді. Бұл іс шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде құрылған қысқы каникул жоспарына сәйкес өткізілді. Кітап оқып белсенділік танытқан 11  сынып оқушысы Серикказинов Абусейт «Жас жігітке өмір туралы ашық хат»   кітабын оқыды, авторы Андре Моруа. Сонымен қатар, 5 сынып оқушысы Сулейменов Айбек, 3 сынып оқушылары Мұрат Раяна мен Орынхан Әмина өздерінің кітап оқуға деген ынталарымен көзге түсті. Кітап оқитын оқырмандарымыз көп болсын.
Добавлено: 7-01-2026, 17:58
0
119

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх