RU KZ

Шахматтан мектеп оқушылары арасында аймақтық турнир

2025 жылдың 19 қыркүйегінде «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде аталған мектепте  математика пәнінің мұғалімі болып ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаз, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Берикханов Еженхан Сұлтанұлын еске алуға арналған шахматтан мектеп оқушылары арасында аймақтық турнир ұйымдастырылды. Турнирге «Мыңбұлақ ЖОББМ» КММ, «Шынқожа батыр атындағы ЖОББМ» КММ-нен оқушылар қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында мектеп директоры Д.Еркинбаев және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Гүлназ Еженханқызы құттықтау сөз сөйледі. Сайыс нәтижесінде:
І орын, 100 мың ақшалай сыйақы Серикказинов Абусейіт (Ақшәулі) 
ІІ орын, 50 мың ақшалай сыйақы Көбентаев Алихан (Ақшәулі)
ІІ орын, 50 мың ақшалай сыйақы Гизатолла Мақсат (Мыңбұлақ)
ІІІ орын, 30 мың ақшалай сыйақы Сағи Ералы (Ақшәулі)
ІІІ орын, 30 мың ақшалай сыйақы Хамитов Ерасыл (Шынқожа)
ІІІ орын, 30 мың ақшалай сыйақы Қажкен Рамазан (Шынқожа) иеленді. Барлық қатысушылар қаржылай сыймен марапатталды. 
Турнир демеушілері Еженхан Сұлтанұлының ұрпақтары Еженхан Сұлтанұлы атындағы математика кабинетіне оқушылар партасы мен орындық сыйға тартты. Сайыстың өтілуі мен мектеп кабинетіне жалпы сомасы 800 мың теңгеге жуық қаржылай демеушілік жасалды. Сайыс жеңімпаздарын құттықтай отырып, Еженхан Сұлтанұлының ұрпақтарына мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс білдіреміз.





Добавлено: 19-09-2025, 16:45
0
129

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх