RU KZ

“Мектебім - мейірім мектені” тақырыбында Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы

Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025-2026 оқу жылының басталуына орай, 1 қыркүйек күні “Мектебім - мейірім мектені” тақырыбында Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы болып өтті. 
Салтанатты шараның мақсаты: 
Жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Мектеп директоры Еркинбаев Дархан Даулетбекович мектеп ұжымын, оқушыларын және ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады!
Салтанатты шараға келесідей өкілдер қатысты: 
1. Ақшәулі ауылдық округының әкімі: Тортаев Жәнібек Нұрлыбекұлы 
2. Қамқоршылық кеңес төрайымы: Тортаева Алмагул Кобеновна 
3. Ардагер ұстаз: Садыкова Эльмира Аятовна. 
“1-қыркүйек - білім күні” мерекесімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Ұстаздарға еңбекте шығармашылық пен толағай табыстар, оқушыларымызға сапалы білім және саналы тәрбие алып, білім шыңын бағындыруын, ата-аналарымызға үміт артқан балаларымыздың жетістіктерге жеткен сәттері көп болсын деген тілек білдіреміз! Баршаңызға сәттілік!!!









Добавлено: 1-09-2025, 15:57
0
225

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх