Мектеп оқушыларымен “ЕРЛІК САБАҒЫН” өткізілді
Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” құндылығына негізделген қыркүйек айының 4-күні әскери жетекші Қалиев Серік Берікханұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырмасына сәйкес, мектеп оқушыларымен “ЕРЛІК САБАҒЫН” өткізді.
Сабақта Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі туралы, әскери оқу орындары жайлы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Мақсаты:
1) оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу;
2) батырлар туралы ойларын тереңдету, зерттеу еңбектерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіштік қасиеттерін арттыру


