RU KZ

«ASSYLTAS» қоғамдық қоры 60 дана көркем әдеби кітап сыйға тартты



“23 сәуір - Ұлттық кітап күніне” орай, Аягөз ауданында  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен  «ASSYLTAS» қоғамдық қоры «Артық білім кітапта» атты акция өткізу барысында Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ кітапханасына 60 дана көркем әдеби кітап сыйға тартты. Бұл салтанатты шараға мектеп кітапханашысы А.Скакова барып қатысып келді. 
Жоба мақсаты:
Ауыл балаларына сапалы білім мен рухани дамуға тең мүмкіндік беру
Кітап сыйлау арқылы кітап оқуды дәріптеу, жас буынның оқу-білімге деген құштарлықтарын арттыру.
📍Абай облысындағы барлық ауыл мектептерінің кітапханасына 14 000-нан астам көркем және танымдық әдебиеттер табысталды. 
60-тан аса таңдаулы көркем және танымдық туынды – жас ұрпақтың тіл байлығы мен ой-өрісін кеңейтетін, ұлттық сана-сезімін қалыптастыратын құнды рухани мұра.
⚜️Бұл шара – ұрпақ тәрбиесіне бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ жанашырлығын білдіреді.


Добавлено: 24-04-2025, 11:15
0
84

Добавить комментарий

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Наверх